«Парктер шеруі 2024» экологиялық акциясының аясында Алакөл өңірінде 11 - ші сәуір күні Көктұма қазақ орта мектебінің қабырғасында «Халықаралық құстар күні» іс-шарасы салтанатты түрде өтті. Іс - шараға Алакөл қорығының директоры Қ.Абылқасымов пен қорық қызметкерлері, Көктұма қазақ орта мектебінің директоры А.Қасымжанова және мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты. Іс - шара аясында мектеп оқушылары жасаған қолөнерлерінің көрмесі ұйымдастырылып, үздік жұмыстар марапатталды. Соңы мектеп өнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Сонымен қатар болашақ мамандық иелері болып табылатын биылғы түлектерге табиғат қорғау саласының қызметкерлерінің атқаратын қызметтері туралы ақпараттар айтылды.