Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкерлері инспекторларымен бірлесе отырып, 16-18 қазан аралығында Сасықкөл көлінің солтүстік жағалау жиегінде құстардың күзгі жиналауы мен күзгі миграциясын бақылады, ондатрдың күзгі санағы жүргізілді. Сонымен қатар Сарыжол мекенінде зообентостың түр құрамын анықтау мақсатында гидробиологиялық сынамалары алынды.