Алакөл қорығы – жер ауданы жағынан еліміздегі табиғи қорықтар мен ұлттық парктер, резерваттар арасындағы ең кіші ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірі.
Қорық аумағының 4/3 бөлігін қамысты алқап алып жатыр.
Алакөл-Сасықкөл көлдер жүйесі – аумағынан миллиондаған құстар ұшып өтетін және ұя салатын халықаралық маңызға ие сулы-батпақты алқап.
Қорық аумағында құстардың 330 түрі кездеседі, оның ішінде 16 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Алакөл ойпатында 529 көл бар.
Алакөл көлі – емдік қасиеті мол таңғажайып көл. Қазақстанның Балқаштан кейінгі үлкен көлі.