Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

Қызғылт бірқазан (Pelecanus onocrotalus) – саны азайып бара жатқан сирек құс. Ол Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Құс санының азаюына су айдындарының тартылуы, сулы-батпақты жерлерді игеру, заңсыз аулау және қоршаған ортаның ластануы себеп болды. Қызғылт бірқазан – ірі құс. Қауырсыны ақ, қызғылт реңкті болады. Негізгі қорегі – балық. Тәулігіне 3 кг-ға дейін балық жейді. Суда жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды. Салмағы 11 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Қазақстанда бұл құстың маңызды ұялайтын орындары Алакөл–Сасықкөл көлдер жүйесінің сулы-батпақты алқаптарында орналасқан. Бірқазандар көктемде наурыз айының соңында келеді. Мамыр–маусым айларында 2–3 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын 33–36 күн басады. Балапандары шамамен 2,5 айдан кейін ұша бастайды. Қазан айының соңында қыстауға ұшып кетеді. Қызғылт бірқазан санының азаюына балық шаруашылығының дамуы, су деңгейінің өзгеруі, ұя салатын жерлердегі өрттер және адамдардың мазалауы әсер етеді. Соған қарамастан, Алакөл–Сасықкөл көлдер жүйесі бұл құсты сақтауда Еуразиядағы ең маңызды аймақтардың бірі болып саналады. 2026 жылы Мыңкөл көлдеріндегі ұялайтын колонияда 945 жұп қызғылт бірқазан тіркелген.