2026 жылдың 13–14 ақпан күндері аралығында қорық аумағының Тентек өзені атырауы учаскесінің 870 га мониторингтік алаңында сүтқоректілердің қысқы маршруттық санағы жүргізілді. Санақты қорық қызметкерлері жүргізді: териолог И.А Мосин ал есеп жүргізуге техникалық көмек көрсеткендер — ғылыми қызметкерлер А.Н Филимонов, инспекторлар Максутов Асет және Максутов Айдын. Жұмыстар «Вектор» қарда жүретін көлігімен жүргізілді. Есеп жұмыстарынан кейін барлығы:
141 бас сібір елігі, 4 бас қасқыр, 149 бас қабан, 80 бас түлкі, 112 бас ақкіс, 37 бас дала күзені, 30 бас құм қояны және 17 бас шибөрі есепке алынды.