«Ұлттық биотехнология орталығы» Алматы филиалының және «Зоология институтының» қызметкерлері Гаврилов Андрей Эдуардович, Құдабаев Рамазан Қаратайұлы, Ташимова Айжан Ерікқызы мен Алакөл қорығының қызметкері Филимонов Александр Николаевич бірлесіп Алакөл ойпаты бойынша далалық шығыстар жүргізілді. Онда құстардың 3 түрінің 33 дарасына сақиналау жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда: бұйра бірқазан (Pelecanus crispus), қызғылт бірқазан (Pelecanus onocrotalus) және Үлкен қарқылдақ (Hydroprogne caspia) сақиналанды. Құстардың 6 түрінің 49 дарасынан вирусологиялық сынамалар алынды, атап айтқанда; бұйра және қызғылт бірқазандар, үлкен суқұзғын (Phalacrocorax carbo), қарабас өгізшағала (Larus ichthyaetus), өзен қарқылдақ (Sterna hirundo) және үлкен қарқылдақ. Сонымен қатар үлкен қарқылдақтың біріне GPS трекері орнатылды.