Қорық аумағындағы жәндіктер
Алакөл қорығы аумағындағы жәндіктердің 392 түрі белгілі, соның ішінде 9 түрі Қызыл Кітапқа енген. Олар мыналар: Қысқақанатты Боливария дәуіті, Дала шегірткесі, Қоңырқанатты шекшек, Дамалаканта Вакка, Жирен гоплит, Дала сколиясы, Көрнекті шоқпарқарынды инелік, Әдемі қыз инелік, Әмірші инелік.