Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

Қорық аумағында көбейіп бара жатқан қарақұрт

Қарақұрт (Latrodectus tredecimguttatus) — улы өрмекшітәрізділер тұқымдасына жатады. Қарақұрттың ұрғашысы еркегіне қарағанда ірі болады. Ересек ұрғашылары толықтай қара түсті, денесінде күңгірт жылтыры болады. Олар көбіне жусанды далада, шөлейтті жерлерде, арық жағалауларында, жыралар мен топырақ қуыстарында мекендейді. Қарақұрт уының құрамындағы нейротоксиндер адамның жүйке жүйесіне әсер етіп, қатты ауырсыну, бұлшықет құрысуы, қан қысымының көтерілуі секілді қауіпті белгілер туғызуы мүмкін. Әсіресе балалар мен иммунитеті әлсіз адамдар үшін өте қауіпті. Бұл өрмекшілер жалғыз тіршілік етеді, дұрыс емес пішінді тор құрып, жәндіктермен қоректенеді. Көбіне індерде, тастардың астында және қараңғы жерлерде жасырынып жүреді. 2024 жылдың жазынан бастап Тентек өзені атырауының оң жағалауындағы Тұйықсу мен Тоғызтүбек кардондарында қарақұрттардың жаппай кездесуі тіркелді. Байбала мен Қарамойын аумақтарында сирек байқалады. Мамандар мұны соңғы жылдардағы жылы қыстар мен ерте басталған ыстық жаз мезгілдерімен байланыстырады. Бұл жағдай көптеген жәндіктердің көбеюіне де қолайлы әсер еткен. Қорық аумағында экожүйеге зиян келтірмеу үшін жаппай химиялық өңдеу жүргізілмейді. Сондықтан негізгі назар халықты ақпараттандыруға аударылуда.

Есте сақтаңыз:
Қарақұрт адамға бірінші болып шабуыл жасамайды. Ол тек өзін қорғау мақсатында, байқаусызда басып кеткенде немесе қысым түскенде ғана шағады.