Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

Қарабай құсы қорық аумағында мекен етеді 

Қорық аумағында 2021 жылдан бері Қарабай құсының мекен ететіні белгілі болды. Осы уақыт аралығында аталған құстың қорық аумағында тұрақты мекен ететіні бақыланып, расталды. Негізгі мекен ету орны Тентек өзені атырауының саяз суайдындары. 2025 жылғы санақ бойынша қорық аумағында 61 дарасы тіркелді. Қарабай құсы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген құс. Осыған орай Қарабай құсы Алакөл қорығы үшін Қызыл кітапқа енгізілген құстар тізіміне 17-ші түр болып тіркелді.
Қарабай (лат. Plegadis falcinellus) - ескекаяқтыларға жататын құс. Саны күрт кеміп бара жатқан түр, таралуы әртүрлі. Қарабай - орташа өлшемді құс. Дене ұзындығы 48-66 см (орта есеппен шамамен 56 см), қанатының ұзындығы 88-105 см, тұмсықтың ұзындығы 9-11 см, дене салмағы 485-тен 970 г-ға дейін өзгеруі мүмкін. Қарабай құсы қамысты жерлерде, тұщы және аздап тұздалған су қоймаларында, таяз сулар және су басқан шабындықтарда мекендейді. Санының азаюына әсер ететін негізгі факторлар - су деңгейінің көтеріліп кетуі, өрттің жиілігі, аңшылық, ұялы мекенін адамдардың мазалауы.