Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағы 65672 гектар құрайды. Оның шамамен төрттен үш бөлігін қамыс алқаптары алып жатыр. Қамыс жай ғана өсімдік емес, ол көлдің жағалау экожүйесін қалыптастыратын негізгі табиғи компоненттердің бірі. Қамыс қопалары жел мен толқынның күшін бәсеңдетіп, жағалауды шайылудан қорғайды, судың табиғи тазаруына қатысады және көптеген тіршілік иелеріне қолайлы орта қалыптастырады. Қамыс арасында балықтар уылдырық шашады, қосмекенділер мен омыртқасыз жәндіктер тіршілік етеді, ал бұл өз кезегінде су құстары үшін мол қорек көзі болып табылады. Қамыс алқаптары бірқазан, аққу, көкқұтан, қаз, үйрек сияқты су құстарының ұя салуына, балапан өсіруге және жауларынан жасырынуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар қабан, ондатра, түлкі және басқа да жануарлар үшін паналау, қоректену ортасы қызметін атқарады. Қамыс -  Алакөлдің биоалуантүрлілігін сақтап тұрған табиғи қорған.