Алакөл қорығында жануарлар әлемін зерттеу және қорғау мақсатында фототұзақ орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл құрылғылар жабайы табиғаттағы аң - құстардың тіршілігін бақылауға, олардың таралу аймақтарын анықтауға және сирек кездесетін түрлерді есепке алуға мүмкіндік береді.