Қазіргі уақытта Алакөл қорығында энтомология бағыты бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл бойы қорықтың аумағында энтомологиялық коллекция жасау үшін әртүрлі жәндік түрлері жиналды. Осы кезеңде жәндіктердің 392 түрі анықталды, оның ішінде 9 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Жиналған материал қорықтың жәндіктер фаунасының түрлік құрамын толық көрсете алмайды, ол әлі зерттеу жұмыстарын және коллекция жинауды қажет етеді. Қазіргі уақытта жиналған материалдар өңделу барысында.
Коллекцияны жинаған ғылыми қызметкер, энтомолог Джамилова Венера Тегисовна.