Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

Сібір елігі – Алакөл қорығының барлық дерлік аумағында кездесетін кең таралған индикаторлық түрдегі сүтқоректі. Жалпы қорық құрылғаннан кейінгі алғашқы жылдары саны аз болғанымен, соңғы жылдары санының көбейіп, бірқалыпты тұрақты болуы көңіл қуантады.

Қысқы маршруттық санақ кезіндегі жүргізілген жұмыстардың нәтижесіне жүгінсек, Сібір елігінің санының құбылуына қасқырлардың ықпал етуі анықталған. Оған дәлел, санақ кезінде бірнеше рет кездескен қасқырлар жем еткен еліктердің тұлыптары. Сонымен қоса, көпжылдық бақылауға сәйкес қар мол жауған қыс мезгілдері еліктерге кері әсерін тигізеді, себебі, жануарлардың қар астынан қорегін табуы және жүріп-тұруы қиынға соғады.