Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

Бүлдіршіндер Алакөл қорығына келді

13 шілде күні С. Иманасов атындағы мектебінің жазғы лагерь оқушылары Алакөл қорығындағы музейге танымдық экскурсияға келді. Музей меңгерушісі оқушыларды қорықтың тарихымен таныстырып, ондағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы қызықты мәліметтер берді.

Экскурсия барысында оқушылар дендробақты аралап, әртүрлі ағаш түрлерімен, жас бұталармен және әсем гүлдермен танысты. Табиғаттың әсемдігін тамашалап, өсімдіктердің ерекшеліктері мен оларды қорғаудың маңызы туралы мағлұмат алды.

Танымдық экскурсия оқушыларға ерекше әсер қалдырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырды. Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, туған өлкенің табиғатын танып-білуіне және оны қорғауға деген жауапкершілігін нығайтуға ықпал етеді.