20 мамыр күні «Парктер шеруі 2025» акциясының аясында жарияланған экологиялық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау іс - шарасы өтті. Алакөл ауданының білім ордаларының оқушылары арасында өткен додаға белсенді қатысып, байқау шарттарына сәйкес 4 номинация бойынша үздік жұмыс иелері мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бағыт - бағдар көрсетіп жүрген жетекші ұстаздар Алғыс хаттарына ие болды. Іс - шараға барлығы 54 адам қатысты.