Сәуір айының 21 күні Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының құрылуына 28 жыл толуына орай қорық қызметкерлері арасында мерекелік жиын өтті. Іс - шара барысында қорықтың тарихынан бастау алып бүгінгі күнге дейінгі атқарылып келе жатқан жұмыстары мен жетістіктері туралы слайд арқылы айтылды. Мекеме басшысы Жанабаев Мұрат Зейнешұлы барлық қызметкерлерді қорықтың құрылған күнімен құттықтап, сүбелі жұмыс атқарып келе жатқан қызметкерлерді Алғыспен марапаттады. Зейнеткерлеріміз де назардан тыс қалмай, Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.