Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының еңбектерінің бесінші томы жарық көрді
Бесінші томдағы еңбегінде Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлерінің қорық аумағында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері, сонымен қатар Зоология институты мен Әл-Фараби атындағы Биология және биотехнология факультетінің ботаника және агроэкология кафедрасының қызметкерлерімен бірлескен зерттеу жұмыстары ұсынылған. Берілген мақалаларда өсімдік жамылғысына, бентосқа, жәндіктерге, балықтарға, құстарға және сүтқоректілерге сипаттама жасалған. Олардың мекендеу сипаты, орны, саны және дәрежесі көрсетілген.
Басылым зоологтарға, ботаниктерге, географтарға, экологтарға, табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлеріне, жоғарғы оқу орындарының мұғалімдері мен студенттеріне, биология пәнінің мұғалімдеріне және жалпы табиғатқа сүйіспеншілікпен қарайтын қауымға арналған.