Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін шөп шабу қағидалары

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін шөп шабу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 1 қарашадағы № 297 бұйрығы. 

1. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін шөп шабу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының (бұдан әрі – қорық) аумағында шөп шабуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) орман пайдалану – орман ресурстарын және орманның пайдалы қасиеттерін пайдалану жөніндегі заңдық және экономикалық регламенттелген қызмет;
2) орман пайдаланушы – Қазақстан Республикасы Орман кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгілеген тәртіппен уақытша орман пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға. 
3. Қорық аумағындағы мемлекеттік орман қорының шөп шабуға арналған учаскелері қысқа мерзімді орман пайдалануға – орман билеті негізінде беріледі.
4. Шөп шабу мемлекеттік орман қорын қорғау және сақтау талаптарына сәйкес, Кодекстің 38-бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығымен (Мемлекеттік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12351 болып тіркелген) бекітілген ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Қорық аумағында мемлекеттік орман қоры учаскелерін шөп шабу үшін пайдалану тәртібі
5. Шөп шабу Қазақстан Республикасының экологиялық заңнама талаптарын ескере отырып, бөлінген учаскелерде қорықпен ұйымдастырылады.
6. Шөп шабу кезінде:
1) өсімдік қалдықтары мен қоқысты өртеу;
2) белгіленген жолдардан тыс көлік құралдарын пайдалану;
3) сирек және қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлардың мекен ету орындарын бұзуға жол берілмейді.
7. Қорық экологиялық заңнаманың сақталуын бақылауды және шөп шабуға арналған учаскелерінің жай-күйіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.
8. Қорықтың сыртқы шекарасынан 60 шақырым радиуста орналасқан елді мекендердің жергілікті тұрғындары, егер оларға мемлекеттік орман қоры учаскелерінен шөп шабуға жерлер қажет болса, учаске беру туралы еркін нысандағы өтінішпен қорға жүгінеді.
9. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу жүргізуге болатын алаңдар жыл сайын шөп шабу маусымы басталғанға дейін орман орналастыру материалдары негізінде нақтыланып, жергілікті жерде көрсеткіш белгілермен белгіленеді.
10. Шөп шабу үшін осы мақсатқа жарамды және мемлекеттік орман қорының құрамына кіретін алқаптар бөлінеді, сондай-ақ орманмен көмкерілмеген, орманның табиғи қалпына келуі көзделмеген алаңқайлар мен басқа да учаскелер пайдаланылады. 
11. Қорық "Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығымен (Мемлекеттік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10676 болып тіркелген) бекітілген қағидаларға сәйкес орман билеттерін рәсімдеп, орман пайдаланушыларға шөп шабу үшін учаскелерді береді.
12. Шөп шабу орман билеттерінде көрсетілген мерзімдерде жүргізіледі. Бір орман пайдаланушыға берілетін учаске көлемі он гектардан аспауға тиіс. Берілген учаскелерде құрылыс жүргізуге және объектілер орналастыруға жол берілмейді.
13. Мемлекеттік орман қорының шөп шабуға арналған учаскелерін пайдалану Кодекстің 39-41-баптарында көзделген жағдайларда тоқтатыла тұрады, шектеледі немесе тоқтатылады.
14. Қорық өз құзыреті шегінде мемлекеттік орман қоры учаскелерін шөп шабу үшін беруде ашықтық пен заңдылық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.

 Шөп шабу науқанында өрт қауіпсіздігі ережелері:

1. Дайындық кезеңінде:
• шөп шабылатын алқаптың айналасын өртке қарсы жолақтармен (жырту, тегістеу) бөліп қою.
• әр бригадада өрт сөндіру құралдары (су құйылған бөшке, мотопомпа, күрек, өрт сөндіргіш, шелек және т.б.) болуы шарт.
• трактор, комбайн, шөп шабатын техниканың ұшқынсөндіргіштері дұрыс орнатылып, тексерілуі тиіс.

2. Жұмыс кезінде:
• далалық жерде от жағуға, темекі тартуға қатаң тыйым салынады.
• шөп жинау техникасы мен көліктерін құрғақ шөп үстінде ұзақ уақыт өшірмей қоюға болмайды.
• жанармай құю жұмыстары өртке қауіпті аумақтан тыс жүргізіледі.
• жел қатты соғып тұрғанда өрт шығу қаупі жоғары, сондықтан мұндай кезде абай болу керек.

3. Төтенше жағдай кезінде:
• өрт шыққан жағдайда дереу 101 (өрт сөндіру қызметі) хабарлау.
• бригаданың әр мүшесі өртті бастапқы кезеңінде сөндіру әдістерін білуі тиіс. 

Орман қоры аумағында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған жағдайда төмендегідей жауапкершілік көзделген: 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 367-бап: Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу
1. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу – жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 2. Өрттiң шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, егер бұл әрекет ірі залал келтірмесе, – жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекеттер – жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.