Алакөл қорығының ғылыми қызметкерлері инспекторларымен бірлесе отырып далалық шығыс ұйымдастырды
2024 жылдың мамыр айының 22-24 күндері Алакөл қорығының ғылыми қызметкерлері инспекторларымен бірлесе отырып Жалаңашкөл көлі – Кіші Алакөл шығанағы – Аралтөбе аралдары – Еміл өзені атырауы маршрутымен далалық шығыс ұйымдастырды. Далалық шығыс нәтижесінде ондатрдың көктемгі санағы және ұя салуға қалған құстардың санағы жүргізілді. Өсімдіктер мен жәндіктерге мониторинг жұмыстары жасалды, гербарий жиналды. Сонымен қатар көне дәуір шағаласы тамақтану кезінде тіркеуге алынды.