«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ 22 мамыр күні «Алакөл өңірінің құндылығы – Тентек өзені атырауы» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - әлемдік маңызы бар табиғи кешені және UNESCO объектісі болып табылатын Тентек өзені атырауының биоалуантүрлілігіне кері әсерін тигізетін факторлардың бірі - жаз маусымында өзен суларының егінді жерлерге алынуына құзырлы органдардың назарын аудару және осы су мәселесінің шешу жолдарын талқылау.
Дөңгелек үстелге Жетісу облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, «Зоология институты» ШЖХ РМК, «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейіндік инспекциясы» өкілдері, сонымен қатар жергілікті Әкімдігі мен Қазсушар өкілдері қатысты.