20-шы мамыр күні Үшарал қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінде ауданның білім мекемелерінің оқушылары арасында өткен «Парктер шеруі 2026» акциясы аясындағы экологиялық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Аталған іс-шара А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің және Үшарал қаласындағы Балалар шығармашылық орталығының жас өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, байқаудың шартында көрсетілген 4 номинация бойынша сынға түскен мектеп оқушыларының өз қолдарымен жасаған қолөнерлері бағаланып, үздік жұмыс иелері мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жас буынға бағыт-бағдар көрсетіп жүрген ұлағатты ұстаздар Алғыс хаттарға ие болды. Мектепішілік командалар арасында «Парктер шеруі 2026» акциясының жеңімпазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі Мақтау қағазымен және Кубокпен марапатталды.