Ақбас үйрек (Oxyura leucocephala) – қазтәрізділер отрядының үйректер тұқымдасына жататын су құсы.
Мәртебесі. Халықаралық деңгейде қорғалатын түр. Қанатының ұзындығы 15-17 см, салмағы 500-900 г. Басқа үйректерден айырмашылығы жүзіп жүргенде құйрығын тік ұстайды, жақсы сүңгиді, құрғақта жүре алмайды. Ұясын терең сулардағы қамыс пен қоғаның арасына салады. Басқа үйректердің ұяларын да пайдалана береді. Су өсімдіктерімен және су жәндіктерімен қоректенеді. Ақбас үйрек жыл құсы. Қазан айында жылы жаққа ұшып кетеді. Сәуір-мамыр айларында қайта оралады. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Алакөл қорығында сирек кездесетін ұялайтын түр, осы жылы Байбала-Қарамойын учаскесінде 91 дана, Мыңкөл көлдер жүйесінде 83 дара, Сағат-Жіңішкесу учаскесінде 54 дара, Еміл өзенінің атырауы учаскесінде 10 дара, Орта және Үлкен Аралтөбе аралдарында 94 дара, Кіші Алакөл шығанағында 12 дарасы кездесіп, барлығы 344 дарасы есептелінді.