Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/alakol-gpz.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Ақбас тырна (лат. Anthropoides virgo) – тырнатәрізділер отрядына жататын құс. Басқа тырналар тұқымдасына қарағанда Ақбас тырнаның денесі кіші болып келеді. Шекесінде айдар тәрізді ұзын ақ қауырсындары бар. Қанатының ұзындығы 42 – 54 см, салмағы 2 – 3 кг-дай. Басы, мойнының асты қара, ал басқа қауырсындарының түсі көкшіл сұр болады. Құс ойнағы кезінде өздеріне тән қимыл-қозғалыстар жасап, «тырналар биін» билейді. Жұптасып, жерді аздап шұңқырлап, оған құрғақ шөп төсеп, ұя салады. 1 – 2 жұмыртқаны 28 – 30 күндей кезектесіп басады. Қыркүйек – қазанда жылы жаққа ұшып кетеді. Өсімдік дәнімен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ақбас тырна қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Алакөл қорығында ақбас тырна Тентек өзенінің атырауы, Мыңкөл көлдер жүйесінде және Кіші Алакөл шығанағында кездеседі. 2024 жылғы санақ бойынша қорық аумағында ақбас тырнаның 38 дарасы есепке алынған.