13-ші мамыр күні Абай облысы Үржар ауданы Б.Тұрлыханов атындағы орта мектебінде ауданның білім мекемелерінің оқушылары арасында өткен «Парктер шеруі 2026» акциясы аясындағы экологиялық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Аталған іс-шара Б.Тұрлыханов атындағы орта мектебінің жас өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, байқаудың шартында көрсетілген 4 номинация бойынша сынға түскен мектеп оқушыларының өз қолдарымен жасаған қолөнерлері бағаланып, үздік жұмыс иелері мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жас буынға бағыт-бағдар көрсетіп жүрген ұлағатты ұстаздар Алғыс хаттарға ие болды