Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен және Мақаншы ауданының білім бөлімінің қолдауымен Абай облысы Мақаншы ауданы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде ауданның білім мекемелерінің оқушылары арасында өткен «Парктер шеруі 2026» акциясы аясындағы экологиялық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау іс - шарасы өтті. Аталған іс - шара С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің жас өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, байқаудың шартында көрсетілген 4 номинация бойынша сынға түскен мектеп оқушыларының өз қолдарымен жасаған қолөнерлері бағаланып, үздік жұмыс иелері мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жас буынға бағыт - бағдар көрсетіп жүрген ұлағатты ұстаздар Алғыс хаттарға ие болды.