15 сәуір күні «Парктер шеруі 2025» экологиялық акциясының аясында және "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы шеңберінде Абай облысының Мақаншы ауданы Қабанбай ауылындағы Б.Майлин атындағы және Жарбұлақ орта мектебінің оқушыларымен танымдық кездесулер өтті. Іс-шараға Алакөл қорығының қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Іс-шараның барысында оқушыларға Алакөл қорығы жайында дайындалған слайд көрсетіліп, мектеп ауласындағы ағаш бастарына оқушылар өз қолдарымен жасаған 7 дана құс ұяларын орнатты және 60 түп түрлі көшеттер отырғызып, игі іске үлестерін қосты. Іс-шараға барлығы 34 адам қатысты.