Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/alakol-gpz.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Республика Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен ана тіліне және өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу және түрлі ұлттардың тілдері, дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту мақсатында елімізде Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесі бекітілді. Бастапқыда бұл мереке 22 қыркүйекте, ал "Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына сәйкес мереке 5 қыркүйекке – қазақ ағартушысы және ғалымы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне бекітілді.

Тіл - халықтың әл-ауқаты, ол ұлттардың бірлігі мен тұтастығына зор ықпал етеді. Тіл - білім беру құралы және адамдардың қарым-қатынасын байланыстыратын тірек. Тілдер күні - Қазақстанның барлық азаматтарының достығының, туыстық пен бірліктің белгісі, ал халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – мемлекет құрылысының басты тірегі.