2 қазан күні Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы Үшарал қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушыларымен 4 қазан “Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне” орай “Биоалуантүрлілікті сақтау” тақырыбында экологиялық дәріс өткізді. Бөлім мамандары Алакөл қорығынының мәжіліс залында слайд көрсетіп, мекеменің жұмысымен таныстырып, Е.Әуезов атындағы табиғат мұражайына саяхат жасады. Алакөл көлінің жағалауында орналасқан Қамысқала ауылының маңайында қамыстар мен суды мекен еткен құстармен таныстырып, экскурсия ұйымдастырды.