Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

«Дүниежүзілік сулы - батпақты алқаптарды сақтау» күніне орай Алакөл аудандық білім бөлімімен келісе отырып құрылған жұмыс жоспарына сәйкес онкүндік іс-шара жарияланып, 16 білім ордасының оқушыларымен танымды кездесу жоспарланған. Осыған орай, экологиялық ағарту бөлімінің мамандары 4-ші ақпан күні Үшарал қаласындағы Абай атындағы және С.Иманасов атындағы орта мектептерінің оқушыларымен танымдық кездесулер өткізді. Іс-шара аясында қорық қызметкерлері сулы-батпақты алқаптардың маңыздылығы мен пайдасы туралы, онда мекендейтін құстар мен жан-жануарлар, өсімдіктер жайлы слайд көрсетіп, оқушылармен сұрақ-жауап алмасты.