ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттары - бұл құрлықтық және жағалаудағы, теңіз экожүйелерінің аумақтары немесе ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» (MAB) бағдарламасы бойынша халықаралық деңгейде танылған экожүйелердің жиынтығы.
ЮНЕСКО биосфералық резерваттары үш негізгі өзара толықтыратын міндеттерді атқарады:
- генетикалық қорларды, биологиялық түрлерді, экожүйелер мен ландшафттарды қорғауға арналған қорғаныс қызметі;
- тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға жәрдемдесу қызметі;
- табиғатты қорғау және тұрақты даму жөніндегі жергілікті, ұлттық және ғаламдық іс-шараларға байланысты демонстрациялық жобаларды, экологиялық білім мен оқытуды, зерттеулер мен мониторингті қолдау үшін ғылыми-техникалық қолдау қызметі.
2013 жылы 27-30 мамыр аралығында Париж қаласында орналасқан ЮНЕСКО ұйымының штаб-пәтерінде Халықаралық үйлестіру кеңесінің «Адам және биосфера» бағдарламасының кезекті 25 сессиясы өттіп, 29 мамыр күні кеңес бірауыздан «Алакөл биосфералық резерваты» атты Қазақстандық номинацияны Биосфералық қорықтардың бүкіләлемдік жүйесіне енгізді.
Алакөл БР жалпы ауданы 529 300 га құрайды. Негізгі аймағы (Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағы) – 65672 га.