Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

Алакөл - Сасықкөл көлдер жүйесі Рамсар тізіміне 2009 жылы 25 қараша күні енгізілді. Осы уақыттан бастап біздің аймақ халықаралық маңызға ие. 26 қараша күні экологиялық ағарту бөлімінің қызметкерлері Үшарал қаласындағы І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларымен "Табиғат айнасы" үйірмесінің кезекті дәрісін өткізді. Кездесу аясында бөлім мамандары қорық аумағындағы сулы - батпақты алқаптар, онда мекендейтін құстар мен жан - жануарлар, өсімдіктерге, жалпы Алакөл - Сасықкөл көлдер жүйесінің әлемдік маңызы жайлы слайд көрсетіп, ойын түрінде сұрақ - жауап алмасып, дәріс соңында Е.Әуезов атындағы табиғат мұражайымен таныстырды.