Өрт - табиғаттың жойқын күштерінің бірі, адамзаттың проблемаларына айналып отырған қауіпті құбылыс. Бүгінде әрбір азаматтың, әсіресе жастардың экологиялық білім алуына, табиғат қорғау іс-шараларына қатысуына өткір мән беріледі. Өртті болдырмау тақырыбында Алакөл қорығының мамандары орта мектептерде биылғы жылы 24 дәріс оқыды. Себебі, келешек ұрпаққа таза табиғат, қауіпсіз орта қалдыру - біздің басты міндетіміз. Біз табиғатқа, оның реабилитациясына жауапкершілікпен қарап, өрт қауіпсіздігінің ең тиімді құралдарын бірге қолдануға тиіспіз.
Есептік кезеңде 3 орман өрті тіркелді, оның ішінде 1 өрт - ірі орман өрті. Өрттердің жалпы ауданы 53,26 га ормансыз жерлер (қамысты алқап).
Өрт қауіпі мол кезеңде алдын алу шараларының маңызы зор. Жыл басынан минералдық жолақтарға күтім жұмыстары 964 шақырымға жасалды. Жергілікті деңгейде өрт қауіпсіздігін арттыру үшін тұрғындар арасында ақпараттандыру іс-шараларын ұйымдастыру, өрт қауіпсіздігі жөнінде қорық аумағымен шекаралас орналасқан шаруа қожалықтарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 29 ескерту қағаздары үлестірілді және 40 дана үнпарақ таратылды.
Жасалған жұмыстар бойынша толық ақпарат алдағы уақытта өтетін тікелей эфирде айтылатын болады.