Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/alakol-gpz.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Елімізде 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Осы орайда 19-шы ақпан күні дүниежүзінде «орнитологтар күні» аясында осы бір мамандық иелерінің әр бір ерекше қорғалатын табиғи аумақта өзінің орны бар.

Алакөл қорығын құру идеясы 1968 жылы Алакөл көлінің аралдарына экспедиция ұйымдастырылғаннан туындады. Оған себепкер болған осы аралдарда Е.М.Әуезовпен ашылған көне дәуір шағаласы атты жаңа құс түрі болды. Аталып кеткен жағдайлардан кейін ғалым-орнитолог Е.Әуезовтың ұсынысымен көне дәуір шағаласының мекендеу ортасын сақтау мақсатында Аралтөбе аралдарында 1971 жылы «Реликтовая чайка» атты қорықшасы құрылды. Бұл Алакөл қорығының құрылуының алғашқы қадамдары болды. Сонау 1968 жылы Ернар ағамыз Алакөл көліндегі аралдарында көне дәуір шағаласын алғаш кездестіргеннен бері 30 жыл уақыт өткеннен кейін Алакөл МТҚ 1998 жылы 21 сәуірде ҚР Үкіметінің № 355 Қаулысымен құрылып, көптен күткен қуанышты күнге айналды.

Көптеген жылдар бойы Алакөл қорығының аумағында құстарды зерттеу бойынша Е.М.Әуезов, Н.Н.Березовиков, А.Ф.Ковшарь, Э.И.Гаврилов, А.Э.Гаврилов сияқты Қазақстанның еңбегі сіңген орнитологтары, сонымен қатар қорықтың Ю.П.Левинский және А.Н.Филимонов сияқты ғылыми қызметкерлері көп жұмыстар атқарды.

Соңғы жылдары Зоология институты қызметкерлерімен бірлесе отырып көптеген отарлық және сирек кездесетін құстар түрлері сақиналанды және 2024 жылы өгішағалаға мен үш көне дәуір шағаласына GPS трекер орнатылды. Қазіргі таңда ұшу жолдары анықталып отыр.