4-14 ақпан күндері "Дүниежүзілік сулы-батпақты алқаптарды сақтау күніне" орай Алакөл аудандық білім бөлімімен келісе отырып құрылған жұмыс жоспарына сәйкес 10 күндік іс-шара жарияланды. Осыған орай экологиялық ағарту бөлімінің мамандары «Алакөл көпсалалы колледжі» студенттерімен және ауданымыздың 15 мектебінде, атап айтқанда: А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі (ОМ), І.Жансүгіров ат. ОМ, Абай ат. ОМ, Ы.Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы, С.Иманасов ат. ОМ, М.Мыңбайұлы ат. ОМ, Қабанбай батыр ат. ОМ, М.Әуезов ат. ОМ, Бұлақты ОМ, Д.Қонаев ат. ОМ, М.Төлебаев ат. ОМ, Ынталы ОМ, Қайнар ОМ, Қарабұлақ ОМ, Қызылащы орта мектептерінің оқушыларымен танымдық кездесулер өткізді. Іс-шара аясында қорық қызметкерлері сулы-батпақты алқаптардың маңыздылығы мен пайдасы туралы, онда мекендейтін құстар мен жан-жануарлар, өсімдіктер жайлы слайд және видеоролик көрсетіп, оқушылармен сұрақ-жауап алмасты.