2-9 ақпан күндері “Дүниежүзілік сулы - батпақты алқаптарды сақтау күніне” орай Алакөл аудандық білім бөлімімен келісе отырып құрылған жұмыс жоспарына сәйкес апталық іс-шара жарияланды. Осыған орай экологиялық ағарту бөлімінің мамандары «Алакөл көпсалалы колледжі» студенттерімен және ауданымыздың 9 мектебінде, атап айтқанда: І.Жансүгіров атындағы орта мектебі (ОМ), Абай ат. ОМ, Ы.Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы, С.Иманасов ат. ОМ, М.Мыңбайұлы ат. ОМ, Қайнар ОМ, Ақтүбек ОМ, Қарабұлақ ОМ, Қызылащы орта мектептерінің оқушыларымен танымдық кездесулер өткізді. Іс-шара аясында қорық қызметкерлері сулы-батпақты алқаптардың маңыздылығы мен пайдасы туралы, онда мекендейтін құстар мен жан-жануарлар, өсімдіктер жайлы слайд көрсетіп, оқушылармен сұрақ-жауап алмасты.