Мекемеде «Табиғат айнасы» (Окно в природу) атты экологиялық үйірме ұйымдастырылып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы білімді іс жүзінде кеңейту және тереңдету, оқушыларды экологиялық ағарту және оларды мамандықты саналы таңдауға даярлау мақсатында Алакөл қорығы мен Үшарал қаласының №2 орта мектебі арасында келісім шарт жасалып, сәуір-қараша айлары аралығында үйірме сабақтары жүргізілуде.