Алакөл мемлекеттік табиғи қорығындағы ғылыми іс-шаралары Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7-ші шілдеде шыққан «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының «Мемлекеттік табиғи қорықтардағы ғылыми іс-шараларды жүргізу және ұйымдастыру тәртібі» 41 бабына сәйкес жүргізіледі.
Алакөл қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінде 6 адам жұмыс атқарады, олар өздерінің лауазымдық міндеттеріне байланысты бекітілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары бойынша ғылыми тақырыптарды орындаушылар болып табылады. Қазіргі таңда орнитология, териология, ботаника, гидробиология, энтомология және геожүйе бағытында ғылыми тақырыптар жүргізілуде.
Қазіргі таңда 2021-2025 жылдар аралығында өткізілетін жаңа ғылыми-зерттеулерінің басым бағыттағы және тақырыптық жоспарлары ғылыми қызметкерлермен дайындалып, 2020 жылдың 26 маусымында ғылыми-техникалық кеңестің № 2 отырысында мақұлданды. 2021 жылдың қаңтар айының 9-шы жұлдызында № 11/16-7 болып ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетімен келісіліп, 2021 жылдың қаңтар айының 28-ші жұлдызында № 27-5-6/17 болып ҚР Экология және табиғи ресурстары министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасы А.К.Кайнарбековпен бекітілді.
Ғылыми тақырыптар және тақырыптар бойынша атқарылған жұмыстар:
- «Табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша Алакөл қорығының табиғи кешендеріндегі табиғи процесстер мен құбылыстарды бақылау және зерттеу.
«Табиғат жылнамасы» кітабына инспекторлық құрамынан алғашқы мәлімет жиналып, ғылыми қызметкерлермен өңделеді. Сонымен қатар ғылыми қызметкерлердің далалық шығулар кезінде жиналған мәліметтері өңделіп, 2022 жылғы қорытындысы бойынша «Табиғат жылнамасының» 26-ші кітабы дайындалды.
- «Алакөл қорығының өсімдік жамылғысының инвентаризациясы. ГАЖ технологиясын қолдана отырып, Жалаңашкөл көл жағалауының шығысымен Кіші Алакөл шығанағының өсімдік жамылғысының қазіргі жағдайына баға беру және инвентаризациясы».
Қазіргі таңда қарастырылып отырған аймақ бойынша жер бедеріне және өсімдік жамылғысының таралуы бойынша толық сипаттама жасалды. Далалық шығыстар барысында гербарий жиналды, жиналған гербарий анықталып, сипаттама берілді. Сонымен қатар тораңғы және сексеуіл сияқты сирек кездесетін өсімдіктер түрлерін бақылау мақсатында тұрақты мониторинг алаңы салынды, популяция жағдайына баға берілді. Жасалған зерттеу жұмыстары нәтижесінде бір ғылыми мақала жарық көрді. Одан басқа ғылыми тақырыптан тыс, салынған 12 мониторинг алаңында өсетін 29 индикаторлы және сирек кездесетін өсімдік түрлеріне бақылау жұмыстары жүргізіледі, оның ішінде 9 өсімдік түрі суда өсетін болып табылады.
- «Алакөл қорығының сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан құстар түрі. Алакөл қорық аумағында отарлық ұя салатын құстардың қазіргі жағдайына баға беру және мониторинг жүргізу».
Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жыл бойында қорық аумағындағы қыстауға қалған құстардың түр құрамын және санын анықтау мақсатында құстарға қысқы маршруттық санақ жұмыстары жүргізілді. Құстардың көктемгі санақ жұмыстары наурыз айының 14-30 аралығында өткізілді. Көктемгі-жазғы мезгілдерінде құстардың ұя салған, аңшылық, отарлы және сирек кездесетін түрлеріне ай сайын 8 мониторинг алаңы бойынша санақ жұмыстары жүрді. Ұя салған түрлері тіркеліп, ұясы зерттелді (жұмыртқа және балапан саны). Көне дәуір шағала, қарабас өгізшағала, алакөз сүңгуір, бұйра және қызғылт бірқазан, ақбас үйрек және тағы сол сияқты басқа құстардың санына, популяция жағдайына баға берілді. Қорық аумағынан ұшып өтетін құстардың күзгі санағы жүргізілді. Сонымен қатар «Табиғат жылнамасы» бойынша құстардың алғаш және соңғы кездесулері тіркелді. Жалпы жүргізілген зерттеу жұмыстары бойынша екі ғылыми мақаласы жарық көрді.
- «Алакөл қорығының сүтқоректілерінің көп және сирек кездесетін түрлерінің кадастры. Қорық аумағындағы сүтқоректілердің мониторингті (қабан, елік, түлкі, ондатр, қоян) түрлерінің таралуы және санының динамикасы».
Қорық аумағында аталған тақырып бойынша: қысқы бағыттық санақ жұмыстары, мониторингтік алаңдарда жүргізілетін санақ, ондатырларға көктемгі және күзгі санақ, түнгі уақытта белсенділік танытатын жануарларға автокөлік жарығымен өткізілетін және тіршілік ету іздері мен індері бойынша санақ жұмыстары толығымен өткізілді. Қорық аумағының териофаунасына жүйелік мониторинг жүргізілді. Жоғарыда аталған жұмыстар бойынша қорық аумағындағы сүтқоректілердің негізгі түрлерінің саны, олардың негізгі мекендеу орындары мен аумақтық таралуы анықталған. Мониторингтік түрлердің популяциясына әсер ететін факторлар анықталды. Далалық зерттеу жұмыстары нәтижесінде бір ғылыми мақала жарық көрді.
- «Алакөл қорық аумағындағы геосистеманың өзгеру динамикасы. Тентек өзені атырауындағы геосистеманың өзгеру динамикасының мониторингі».
2022 жылы жұмыс жоспарына сәйкес Тентек өзені атырауының ландшафт түрлерінің өзгеруін бақылау мақсатында, алдында белгіленген мониторинг нүктелерінде топырақ шруфтары қазылды. Осы қазылған шруфтар бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, белгіленген геожүйе нүктелерінде топырақ жамылғысының қабаттары анықталды.
- «Алакөл қорығының омыртқасыздарының негізгі топтарына баға беру. Тікқанатты тұқымдасты жәндіктердің түрлерін анықтау және оларға мониторинг жүргізу».
2022 жылы далалық жұмыстар көктем айларынан бастап жоспарланған болатын, яғни жәндіктерді жұмыртқадан шыққан кезеңінен бастап. Осыған орай жалпы шегіркетектестер (саранчовые) тұқымдасының түрлеріне бақылау жүргізіліп, сипаттама берілді. Далалық шығулар нәтижесінде тікқанатылардың кейбір түрлерін ұстап энтомологиялық жинақтама жиналды.
- «Гидробионттарға мониторинг және олардың Алакөл қорығы бойынша таралуы. Зообентостың негізгі топтарының таралуы және олардың су экожүйелерінің жануарларының қоректенуіндегі рөлі».
Бекітілген жұмыс бағдарламасы бойынша гидробиология бағытымен, гидробионттардың қыс маусымындағы белсенділігін анықтау мақсатында сынамалар алынды, сонымен қатар олардың тұн шығу факторларын анықтау жұмыстары жүргізілді. Қорық аумағының кейбір суайдындар кеуіп кетуіне байланысты қосымша сынамаларды алу орындары бекітілді. Қорық аумағындағы суайдындарындағы ондатрлардың қосымша қорегі болып табылатын моллюскілердің негізгі түрлерінің таралу орындарын анықтау мақсатында жұмыстар жүргізілді. Далалық зерттеу жұмыстары нәтижесінде бір ғылыми мақала жарық көрді.
Қорықтың ғылыми қызметкерлері ғылыми іс-шараларды жүргізуге арналған арнайы дүрбі, фотоаппарт, GPS сияқты құрал-жабдықтармен және энтомологиялық, ботаникалық құралдарымен қамтамасыздандырылған. Сонымен қатар ғылыми қоры (550 гербарий, 3000 цифрлік фотосуреттер, 50 видео ақпарат, 150 экземпляр омыртқасыздар коллекциясы) және 70 кітапқа жуық кітаптары тіркелген ғылыми-техникалық кітапханасы бар. Ғылыми қор жыл сайын толықтырылып тұрады, оның жартысы қорық мұражайында көрсетілген. Ғылыми қызметкерлердің жүргізілген ғылыми-зерттеулерінің қорытындылары әр түрлі ғылыми басылымдарда мақала ретінде жарық көреді. Жыл сайын ғылыми есептер жазылады. Осы уақытқа дейін 100 ден аса ғылыми мақалалар жарияланып, «Алакөл қорығының еңбектері» (Труды Алакольского заповедника) атты кітабіның 4 томы шығарылды.
Сонымен қатар бірлекен ғылыми жұмыстар жүргізіліп тұрады, оның бірі жасалаған ғылыми шарт негізіде «Зоология институты» қызметкерлерімен жетінші жыл қатарынан қорық аумағында бірлескен ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты суда және су маңында мекендейтін құстардың санын және түрін анықтау, сақиналау, әр түрлі вирустарға био анализ алу және GPS қондырғыштарын орнату.