«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі "Парктер шеруі – 2024" табиғатты қорғау акциясы Жетісу облысының Алакөл ауданында және Абай облысының Үржар ауданында 1 сәуір – 5 маусым аралығында өткізілетінін хабарлайды.
Экологиялық акция 1 сәуір күні «Халықаралық құстар күнінен» бастау алып, "Жер күні", "Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні" және "Халықаралық музей күні", "Халықаралық жер күні", "Бұлақ көрсең көзін аш", "Таза өзен – таза жағалау" сияқты іс-шаралармен жалғасын тауып, 5 маусым "Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнімен" аяқталады.
Осы уақыт аралығында түрлі акциялар, экологиялық конкурстар, сенбіліктер және көптеген өзге де экологиялық іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Барлық табиғат жанашырларын қорықпен бірге экологиялық акцияға қатысуға шақырамыз.