«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директорының 21.09.2026 жылғы №93-Ө бұйрығына сәйкес 22 қыркүйек – 22 қазан аралығында қорықтың айналымдарында жоспарлы күзгі орманды шолып тексеру жұмысы жүргізілуде. Іс-шара барысында ормандардың заңсыз ағаш кесуден қорғалуының қамтамасыз етілуі; орман қоры жерлерін өздігінен пайдалануға жол бермеу, қыстық мерзімге дайындық деңгейіне; кварталдық бағаналардың және ескерту аншлагтарының бүтіндігі; мемлекеттік инспекторларға сеніп берілген мүліктің бар-жоғы және оның пайдалануға жарамдылығы, сондай-ақ оған бекітіп берілген көліктің, байланыс құралдарының, арнайы құралдардың техникалық жай-күйі; қызметтік қару мен оқ-жәрілерді сақтау, алып жүру және қолдану тәртібінің сақталуына; мемлекеттік инспекторлардың нысандық киімінің болуы мен жай-күйі және оның оны киіп жүру тәртібін сақтауы тексеріледі.