Үшарал қаласындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери бөлімінің жас сарбаздары Ернар Әуезов атындағы табиғат мұражайына танымдық экскурсиямен келді. Экскурсия барысында жас сарбаздар Алакөл қорығының құрылу тарихымен, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың маңызымен, өңірдің бай жануарлар әлемі және өсімдіктер дүниесімен танысты. Сонымен қатар сарбаздарға қорық аумағындағы биоалуантүрлілікті қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.