11 қараша күні «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-де қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жиналысы өткізілді. Жиын барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттері, мүдделер қақтығысының алдын алу және заң талаптарын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар қызметтік өкілеттікті жеке мақсатта пайдалану, заңсыз материалдық сыйақы алу немесе беру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау тәртібі нақты мысалдар арқылы талқыланды. Басты мақсат – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және мекемеде адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайту.