Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

18 тамыз күні қоршаған ортаның тазалығын сақтау және табиғатты қорғау мақсатында ұйымдастырылған «Таза жағалау» экологиялық іс-шарасына Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының 10 қызметкері қатысты.
Іс-шара барысында қорық қызметкерлері Жалаңашкөл көлінің жағалауында тазарту жұмыстарын жүргізді. Тазалау нәтижесінде жиналған 0,5 тонна қоқыс арнайы белгіленген қоқыс орнына жеткізілді.
Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Таза жағалау – табиғатқа деген құрметтің, экологиялық мәдениеттің және жауапкершіліктің көрінісі.
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғи экожүйелерді қорғау және табиғи байлықты келер ұрпаққа аман жеткізу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.
Табиғатты бірге қорғайық! Тазалықты бірге сақтайық!