10 қыркүйек күні Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері және Алакөл балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің қызметкерлері мен Абай облысының Үржар ауданындағы Сағат ауылының тұрғындары бірлесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының шеңберінде «Таза суайдыны» іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында Сасықкөл көлінің жағалауы тастап кеткен балық ауларынан тазартылып, аулар өртеу арқылы жойылды.