«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Алакөл мемлекеттік табиғи қорығында «Таза бейсенбі» іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қорық қызметкерлері қорық ғимаратының ауласын жапырақтар мен шөптерден тазартып, аумақтың тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етуге үлес қосты. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатқа ұқыпты қарау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Осындай игі шаралар әрбір азаматтың қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттырып, тазалықты сақтауға үндейді. Тазалық өзімізден басталады! Табиғатты қорғау – ортақ міндетіміз!