Республика күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен тағылымы мол экологиялық іс-шара өткізілді. Іс-шараға Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебінің «Табиғат айнасы» үйірмесі оқушылары қатысып, мектеп ауласына 10 түп ағаш көшеттерін отырғызды. Сонымен қатар, мекеме ғимаратында «Туған жер табиғаты – ортақ байлығымыз» тақырыбында ашық экологиялық сабақ ұйымдастырылды.