Орманшының жұмысы – тек табиғатты бақылау емес, кез келген жағдайға дайын болуды талап етеді. Далалық жұмыс кезінде әрбір құралдың өз маңызы бар.
Дүрбі – жануарлар мен аумақты алыстан бақылауға
Рация – қызметкерлер арасында жедел байланыс орнатуға
GPS – орналасқан жерді және маршрутты анықтауға
Компас – бағыттан адаспауға
Карта – аумақта дұрыс бағдарлануға
Алғашқы көмек қобдишасы – қажет жағдайда алғашқы көмек көрсетуге
Фототұзақ – жабайы жануарларды бақылауға және тіркеуге
Қолшам – қараңғы уақытта қауіпсіз қозғалыс жасауға
Инспектордың күнделігі – бақылау нәтижелері мен маңызды мәліметтерді жазуға арналған.
Осындай құралдар орманшының күнделікті жұмысын қауіпсіз әрі тиімді атқаруына көмектеседі.