Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

19 қазан күні Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының мәжіліс залында «Орман шаруашылығы қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиын барысында табиғатты қорғау, биоәртүрлілікті сақтау және қорық ісін дамыту жолында адал еңбек етіп жүрген қызметкерлердің еңбегі жоғары бағаланып, марапаттар табысталды. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің марапаттарымен: Ғылыми қызметкер Рафиков Асхат Тагирович – II дәрежелі «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен; Ғылыми қызметкер Темергалиев Руфат Тагирович – III дәрежелі «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен; Музей меңгерушісі Арапова Салтанат Муратовна – III дәрежелі «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, табиғатты қорғау саласында абыройлы еңбек етіп, қорықтың дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар қызметкерлерге мекеме директорының Алғыс хаттары табысталды. Орман шаруашылығы саласының әрбір қызметкерінің еңбегі – табиғи байлығымызды сақтау мен келер ұрпаққа аманат етудің маңызды бөлігі. Барша әріптестерімізді кәсіби мерекемен және лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін! Табиғатты қорғау жолындағы жауапты қызметтеріңізге толағай табыс, мықты денсаулық және отбасыларыңызға амандық тілейміз!