07.08.2026 ж. Зоология институтымен жасалған келісімшарт негізінде Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Зоология институтының мамандарымен бірлесіп, қызғылт және бұйра бірқазандар ұя салатын Мыңкөл көлдер жүйесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу барысында құстарды сақиналау және GPS-трекерлер орнату жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде:
25 бұйра бірқазанға сақина тағылды;
25 қызғылт бірқазанға сақина тағылды;
5 бұйра бірқазанға GPS-трекер орнатылды.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – бірқазандардың жазғы қоректену және қыстау орындарын анықтап, олардың маусымдық қоныс аудару бағыттарын зерттеу. Жиналған мәліметтер құстардың мекен ету ортасын, қозғалысын және маусымдық миграциясын зерттеуге мүмкіндік береді.