Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

Бұл жыртқыш Алакөл ойпатында кеңінен таралған. Қорық аумағында түлкі барлық жерде кездеседі, әсіресе суайдындарының жағалауына жақын жерлерді мекендейді. Себебі бұл жерлерде оның негізгі қорегі болып табылатын кеміргіштер көптеп кездеседі.
Зерттеу жүргізілген бүкіл кезеңде түлкінің іздері жағалаудан жиырма шақырым қашықтықта орналасқан Алакөл көліндегі Үлкен Аралтөбе аралынан да байқалған.
Түлкі көбінесе қамыс қопаларының арасында, жан-жағын су қоршаған, көлемі салыстырмалы түрде шағын әрі көп кездесетін аралдарға ін қазады. Қар қалың түсетін қыста және кеміргіштер саны аз жылдары түлкі ондатрдың індерін бұзып, оларды ұстауға тырысады. Ал жаз мезгілінде, әсіресе су айдындары тартылған кезде, ондатрдың індерін қазып, төлдерін де аулайды.
Соңғы он жылдағы бақылау нәтижелері бойынша түлкінің саны айтарлықтай өзгермеген және тұрақты түрде жоғары деңгейде сақталған. Тек 2022 жылы оның санының едәуір өскені байқалды. Біздің ойымызша, бұл 2021 жылы тышқантәрізді кеміргіштер санының күрт артуымен байланысты. Бұған сол жылы түлкінің бірнеше төлдеген ұяларының анықталуы да дәлел болды. Кейбір індерде 4–5 түлкі төлі болған.
Бұл жағдай түлкі үшін қорек қорының жеткілікті екенін көрсетеді. Оның қорық аумағында кеңінен таралуына байланысты бұл түр үшін арнайы таралу карталарын жасаудың қажеттілігі жоқ.