2009 жылғы 25 қарашада Алакөл-Сасықкөл көлдер жүйесі халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар туралы Рамсар конвенциясының тізіміне енгізілді. Осы атаулы күнге орай, 26 қараша күні Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының экологиялық ағарту бөлімінің қызметкерлері Қабанбай батыр атындағы орта мектеп оқушыларына Е. Әуезов атындағы табиғат мұражайына танымдық экскурсия ұйымдастырды.